top of page

«Қазақстанның Құрметті азаматы»

Орденінің жарғысы

Статут Ордена "Почетный гражданин Казахстана"

Жарғы – бірдеңе жайлы ереже, мысалы, наградтау тәртібін анықтайтын орденнің жарғысы. Сол мағынадағы "Жарғы" термині мемлекеттердің заңнамаларында қолданылады.

 Орденнің жарғысы — орденнің сипаттамасы, орденмен наградтау және оны тағыну тәртібі.

Статут- положение о чем-либо, например, Статут ордена, определяющий порядок награждения им. В этом значении термин "Статут" употребляется в законодательствах государств.

 Статут ордена — описание ордена, порядок награждения орденом и его ношения.

1. «Қазақстанның Құрметті азаматы» ордені Қазақстан Республикасының қуатын, маңыздылығын нығайта түсуге және гүлденуіне септігін тигізетін көпжылдық әрі жемісті еңбегі үшін табыс етілетін қоғамдық награда болып табылады.

2. «Қазақстанның Құрметті азаматы» ордені «Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі комитетінің» сараптау кеңесінің шешімімен, орденді табыс ету сәтінде 30 жасқа толып үлгерген Қазақстан Республикасының азаматтары наградталады.

3. «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен Қазақстанның мынадай азаматтары наградтала алады:

3.1. Мемлекеттік, аймақтық, муниципалдық билік органдарын, кәсіпорындарды және ұйымдарды, қоғамдық бірлестіктерді, кәсіптік одақтарды, спорт қоғамдарын басқаратындар.

3.2. Басшының орынбасарлары, бас инженерлер (бухгалтерлер, технологтар) ғылыми (көркемдік) басшылар, филиалдар мен өкілдіктердің басшылары болып табылатындар.

3.3. Отандық ғылымның, мәдениеттің, спорттың, журналистиканың дамуына елеулі үлес қосқан тұлғалар.

4. «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен наградтау мыналар үшін жүргізіледі:

  1. Мемлекеттің қорғаныс қабілетін нығайта түсудегі, Қазақстан Республикасының мемлекеттік және қоғамдық институттарын дамытуға бағытталған жемісті мемлекеттік және қоғамдық еңбектері үшін;

4.2. Өнеркәсіптегі, ауыл шаруашылығындағы, құрылыстағы, көлік тасымалындағы, байланыстағы, саудадағы, қоғамдық тамақтандырудағы, тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығындағы, халыққа тұрмыстық қызмет көрсетудегі, халық шаруашылығының басқа да салаларындағы жоғары өндірістік көрсеткіштері үшін;

4.3. Ғылыми-зерттеу жұмысындағы жетістіктері үшін; мәдениет, әдебиет, өнер салаларындағы шығармашылық жетістіктері, жоғарыбілікті мамандарды даярлаудағы, халыққа медициналық көмек көрсетудегі, дене шынықтыру және спортты дамытудағы және өзге де пайдалы қызметтерді дамытудағы жетістіктері үшін;

  1. Жаңа техника мен технологияны, озық тәжірибелерді өндіріске енгізгені үшін, аса бағалы еңбектері мен рационализаторлық ұсыныстары үшін.

5. «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен наградтау рәсімі «Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі комитетінің» уәкілетті өкілімен не болмаса Комитеттің өтінімі бойынша билік органдарының өкілдерімен салтанатты жағдайда өткізіледі.

6. Орденмен наградтаудың салтанатты рәсіміне ұсынылған барлық кандидаттар, мемлекеттік лауазымды тұлғалар, танымал әртістер, мәдениет және спорт қайраткерлері, еңбек ұжымдарының, қоғамдық ұйымдардың, іскерлік топтардың, бұқаралық ақпарат құралдарының өкілдері, шетелдік меймандар шақырылады. Наградтау рәсімінің барысында қатыстырылушылардың аттары аталып жарияланады, әрі орденмен наградталатын тұлғалар жария етіледі.

7. «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен наградталғандығы «Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі комитетінің» Президенті қолын қойған, әрі сол Комитеттің дөңгелек мөрі соғылған, бекітілген үлгідегі орден кітапшасымен куәландырылады.

8. «Қазақстанның Құрметті азаматы» орденімен наградтау ісі Орден Иегеріне Орденмен наградталғаны жайлы және «Қазақстан Республикасының Құрметті азаматы» қоғамдық атағының табыс етілгені жайлы ойып жазылған түсті металлдан жасалған қабырғалық естелік плакетка табыс етумен жалғасады.

8.1. Награда жиынтығына орденнен басқа мынадай бағалы кәдесыйлар қосылады:  «Қазақстанның Құрметті азаматы» атаулы кездігі мен Қазақстан Республикасының рәміздері салынған атаулы қолсағат. Кәдесыйлар «Қазақстан Республикасының қоғамдық наградалар мен атақтар жөніндегі комитетінің» тапсырысымен ғана дайындалады. Әрбір кәдесыйға иегерінің аты-жөні ойылып жазылады, өзінің реттік нөмірі болады және наградалық жиынтықтың біртұтас бөлігі болып табылады.

9. «Қазақстанның Құрметті азаматы» ордені мағыналы түрде Қазақстан Республикасының даңқын арттырған айрықша еңбектері үшін қайтыс болғаннан кейін де табыс етіле алады. Қайтыс болғаннан кейін наградтағанда Орден сол Орденнің иегерінің мұражайына, еңбек ұжымының өкілдеріне, не болмаса Орден иегерінің туған-туыстарына табыс етілетін болады.

10. «Қазақстанның Құрметті азаматы» ордені ақ металлдан (күміс) жасалып, сары металлмен (алтын) жалатылады, Орденнің артқы жағында жеке реттік нөмірі ойылып жазылады.

11. «Қазақстанның Құрметті азаматы» ордені әскери немесе азаматтық киімге сол жақ төске Қазақстан Республикасының және КСРО мемлекеттік және үкіметтік наградаларынан төменірек, алайда шетелдік наградалардың үстінен тағылып жүретін болады.

1. Орден «Почетный гражданин Казахстана» является общественной наградой за многолетнюю и плодотворную деятельность, способствующую укреплению мощи, величия и процветания Республики Казахстан.

2. Орденом «Почетный гражданин Казахстана» награждаются граждане Казахстана, достигшие на момент вручения Ордена 30-летнего возраста, по решению экспертного совета  «Комитета по общественным наградам и званиям Республики Казахстан».

3. Орденом «Почетный гражданин Казахстана» могут быть награждены граждане Казахстана:

3.1. Возглавляющие  органы государственной, региональной, муниципальной власти, предприятия и организации, общественные объединения,  профессиональные союзы, спортивные общества.

3.2. Являющиеся заместителями руководителя, главными инженерами (бухгалтерами, технологами) научными (художественными) руководителями, руководителями филиалов и представительств.

3.3. Лица, внесшие значительный вклад в развитие отечественной науки, культуры, спорта, журналистики.

4. Награждение Орденом «Почетный гражданин Казахстана» производится:

  1. За заслуги в укреплении обороноспособности Государства;  плодотворную государственную и общественную деятельность, направленную на укрепление государственных и общественных институтов Республики Казахстан;

4.2. За высокие производственные показатели в промышленности, сельском хозяйстве, строительстве, на транспорте, связи, торговле, общественном питании, жилищно-коммунальном хозяйстве, бытовом обслуживании населения, в других отраслях народного хозяйства;

4.3. За успехи в научно-исследовательской работе; за творческие достижения в области культуры, литературы, искусства, успехи в подготовке высококвалифицированных кадров, медицинском обслуживании населения, развитии физической культуры и спорта и иной общественно полезной деятельности;

  1. За внедрение в производство новой техники, технологии, передового опыта, особо ценные изобретения и рационализаторские предложения.

5. Награждение Орденом «Почетный гражданин Казахстана» производится в торжественной обстановке уполномоченным представителем «Комитета по общественным наградам и званиям Республики Казахстан», либо представителями органов власти по ходатайству Комитета.

6. На торжественную церемонию награждения орденом приглашаются все представленные на соискание кандидаты, государственные должностные лица,  известные артисты, деятели культуры, спорта, представители трудовых коллективов, общественных организаций, деловых кругов, средств массовой информации, иностранные гости. В ходе церемонии награждения публично представляются соискатели и объявляются награжденные орденом.

7. Награждение Орденом «Почетный гражданин Казахстана» удостоверяется орденской книжкой установленного образца, которая подписывается Президентом «Комитета по общественным наградам и званиям Республики Казахстан» и заверяется круглой печатью Комитета.

8. Награждение Орденом «Почетный гражданин Казахстана» сопровождается вручением Кавалеру Ордена памятной настенной плакетки, выполненной из цветного металла с нанесением гравировки о награждении Орденом и присуждении общественного звания «Почетный гражданин Республики Казахстан».

8.1. В наградной комплект помимо ордена включаются ценные сувениры: именной кортик «Почетный гражданин Казахстана» и именные наручные часы с символикой Республики Казахстан. Сувениры изготавливаются только по заказу «Комитета по общественным наградам Республики Казахстан». Каждый сувенир имеет гравировку владельца, свой порядковый номер и является единой частью наградного комплекта.

9. Орден «Почетный гражданин Казахстана» может быть вручен посмертно за особые заслуги, существенным образом возвеличившие славу Республики Казахстан. При посмертном награждении Орден передается в музей кавалера Ордена, представителям трудового коллектива, в котором работал Кавалер ордена, либо родственникам кавалера Ордена.

10. Орден «Почетный гражданин Казахстана» изготавливается из белого металла (серебро), покрыт желтым металлом (золото), с обратной стороны Ордена выгравирован его индивидуальный порядковый номер.

11. Орден «Почетный гражданин Казахстана» носится на военной или гражданской одежде на левой стороне груди после государственных и правительственных наград Республики Казахстан и СССР, но перед иностранными наградами.

bottom of page